☎ +7(7282) 41-92-31

[email protected]

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар ақпараты



Қатысушылар: 1-11 сыныптар

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігінің маңызын түсіндіру, отансүйгіштікке, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық рух пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

Өткізілген іс-шаралардың мазмұны мен барысы:  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай мектепте мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары мерекелік кеш және жалпы мектепішілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараларға 1–11 сынып оқушылары белсенді қатысты.

Мерекелік бағдарлама аясында:

  • «Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі ұйымдастырылып, оқушылар өз жетістіктерін ел дамуына арнау идеясын насихаттады;
  • Сурет байқауы өткізілді. Оқушылар тәуелсіз ел, бейбітшілік, туған жер тақырыптарын шығармашылық тұрғыда бейнеледі;
  • Сыныптан тыс іс-шаралар мен тәрбиелік сағаттар өткізіліп, Тәуелсіздіктің тарихи маңызы түсіндірілді;
  • Дебаттар ұйымдастырылып, оқушылар тәуелсіздік, ел болашағы, азаматтық жауапкершілік тақырыптарында пікір алмасты;
  • Түрлі челлендждер арқылы оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы арттырылды.

Барлық іс-шаралар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Қорытынды: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған мерекелік кеш пен іс-шаралар кешені жоғары деңгейде өтті. Нәтижесінде оқушылардың елге деген сүйіспеншілігі артып, патриоттық рухы нығайды. Іс-шаралар өз мақсатына толықтай жетіп, оқушылардың азаматтық тәрбиесіне оң ықпал етті.