

Өткізілген күні: 11.12-15.12.2025 ж
Қатысушылар: 1-11 сыныптар
Мақсаты: Оқушыларды өз жетістіктерін қоғам мен ел игілігіне арнауға ынталандыру, патриоттық сезімін дамыту, дарынды және белсенді оқушылардың үлгісін көрсету.
Өткізілген іс-шаралардың мазмұны мен барысы: «Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі аясында 1–11 сынып оқушылары өз жетістіктері туралы ақпаратты, суреттерді немесе видеороликтерді бөлісті.
Челленджге ерекше қатысушылар ретінде:
- Асылбай Еркежан, 10 «В» сынып оқушысы, әлем чемпионы өз жеңісін қалай елге арнағаны туралы тәжірибесімен бөлісті;
- Ескендір Ернияз, 2 «В» сынып оқушысы, облыстық дарын олимпиадасының жеңімпазы өз жетістігін көрсету арқылы басқа оқушыларға үлгі болды.
Челлендж барысында қатысушылар өз жетістіктерін, алған марапаттарын, жетістікке жету жолындағы күш-жігерін көрсетіп, оны қоғамға, еліне арнау идеяларын білдірді. Мектеп ішінде бейнероликтер, посттар, суреттер және шығармашылық жұмыстар ұсынылды.
Қорытынды: «Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Нәтижесінде оқушылардың патриоттық сезімі артып, жетістікке жету жолында табандылық пен жауапкершілік маңызды екенін түсінді. Іс-шара өз мақсатына толықтай жетіп, мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділігін арттырды.