Қатысушылар: 5-8 сыныптар
Мақсаты: Оқушылар арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Өткізілген іс-шаралардың мазмұны мен барысы: «Шабыт» жобасының жоспарына сәйкес, «Адал ұрпақ» ұйымы аясында 5–8 сынып оқушылары арасында «Менің әділ әрекетім» тақырыбында мектепішілік қабырға газеті байқауы ұйымдастырылды.
Байқау барысында оқушылар әділдік, адалдық, жауапкершілік тақырыптарын қамтитын қабырға газеттерін дайындап, өз ойларын сурет, ұран, мақала және өмірлік мысалдар арқылы көрсетті. Ұсынылған жұмыстар мазмұндылығы, көркемдік безендірілуі және тәрбиелік мәні бойынша бағаланды.
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар мектепішілік жиында арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Марапаттау:
І- 6 «В» сыныбы
ІІ-7 «А» сыныбы
ІІІ- 5 «Г» сыныбы
Белсенді қатысқан оқушыларға жекелей алғыс хаттар табысталды.
Қорытынды: Қабырға газеті байқауы оқушылардың белсенді қатысуымен, жоғары деңгейде өтті. Нәтижесінде оқушылар адалдық пен әділдіктің қоғамдағы маңызын түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастары қалыптасты.