☎ +7(7282) 41-92-31

[email protected]

«Сыбайлас жемқорлық – барша қоғамның жауы», зияткерлік ойыны ақпараты

Қатысушылар: 9-10 сыныптар

Мақсаты: Оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру, адалдық пен әділдік қағидаттарын қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру.

Өткізілген іс-шаралардың мазмұны мен барысы:  9–10 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлық – барша қоғамның жауы» тақырыбында зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша білімдерін сынады.

Сұрақтар сыбайлас жемқорлықтың түрлері, оның қоғамға тигізетін салдары, адал еңбек пен заң талаптарын сақтау мәселелерін қамтыды. Командалық форматта өткен ойын оқушылардың белсенділігін арттырып, өз ойларын дәлелдеп айтуға мүмкіндік берді.

Ойын барысында жағдаяттық тапсырмалар ұсынылып, оқушылар нақты өмірдегі жағдайлар бойынша дұрыс шешім қабылдауға үйренді.

Қорытынды: Зияткерлік ойын жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Нәтижесінде оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастырып, адалдық пен әділдіктің қоғамдағы маңызын түсінді.

Ақпарат әлеуметтік желіге жарияланып,  білім басқармасына жолданды.