☎ +7(7282) 41-92-31

[email protected]

ҰБТ - тапсыратын 11 сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету


Мектебімізде 11 «А», 11 «Ә», 11 «В» сыныптардың түлектеріне психологиялық қолдау көрсету, ҰБТ-ға дайындық барысында сенімділігін арттыру және күйзелістің алдын алу мақсатында «ҰБТ-ға сеніммен қобалжусыз барамыз!» атты тренингтер өткізілді. Тренинг барысында оқушылармен емтихан алдындағы қобалжуды басқару, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру, уақытты тиімді жоспарлау және мақсат қою дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық жаттығулар жүргізілді. Топтық жұмыс пен пікір алмасу арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, өз ойларын еркін жеткізді. Жауапты: психологтар Махметова Д.Е, Сауранбаева С.С.