☎ +7(7282) 41-92-31

[email protected]

Сабақты зерттеу (Lesson Study ) топтары апталығы

    Сабақты зерттеу (Lesson Study ) топтары апталығы "Зерттеу-сапалы оқытудың кепілі" тақырыбында 10-14.11.2025 жылы аралығында ұйымдастырылды. Мақсаты:  Мұғалімдерге кәсіби тұрғыдан ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету, оқыту мен оқуда сабақты зерттеу үдерісін жүзеге асырудың тиімді     стратегиясын қарастыру. Жалпы мектеп бойынша 19 топ құрылып, 98 ұстаз бірлесе жұмыс жасады, бұл ұжымның 78 пайызын құрайды. Мұғалімдердің бірлесе отырып сабақты талдау арқылы оқыту мен оқу үдерісін жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілді. Апталық аясында Зерттеу топтары бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқытудағы проблеманы анықтады, оқушылардың сыни ойлау, топтық жұмыс, рефлексия дағдыларының төмендігін анықтады.  

         Мектептің әдістемелік қызметін жетілдіру, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық тәжірибелерді енгізу және нақты педагогикалық мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Жауапты: Т.Ж.Ибраева, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, мектеп тренері.