☎ +7(7282) 41-92-31

[email protected]

Сабақты зерттеу - сапалы оқытудың кепілі апталығы

Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №9 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.  Сабақты зерттеу әдісі мұғалімдерге сабақ беру барысында өз тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік беретін үрдіс ретінде ғана емес, сонымен бірге, ең маңыздысы, мұғалімдердің мектеп ішіндегі кәсіби дамуының жолы. Зерттеуші топтар  өзара бірлестікте, ынтымақтастықта жұмыс атқаратын ортада мұғалімдер бірлесіп тиімді сабақты ұйымдастыруға қатынасып қана қоймай, үнемі кәсіби білім мен тәжірибе алмасып, қажет болған жағдайда оқу материалдарымен танысып, кәсіби біліктілігін жетілдіру деп түсініп,  сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі арқылы жас маманның кәсіби жетілуіне қолдау көрсету мақсатында тәжірибелі мамандар арасында оқыту тәжірибесімен алмасудың тікелей тетігін қамтамасыз етуге мектеп тренері Ибраева Тұрсынхан Жанаткановна  мектеп  тренері ықпал етуде.