

24.04.2025ж. Жетісу облысының білім басқармасы «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Қабілетті оқушылармен жұмыс: қазақ тілі сабағында дарындылықты дамыту жолдары» тақырыбына тәжірибе алаңы өткізілді. Тәжірибе алаңына «Жалпы білім беретін мектептерде дарынды балаларды дайындау барысында коммуникацияның маңызы» тақырыбын алып шықтым. Олимпиада (байқау, ғылыми жоба) дайындық жолындағы тезистер:
1. Оқушыны олимпиадаға (байқауға) дайындау барысында кәсіби жаттықтырушы ретінде сын қабылдай алу дағдыларын да дамыту керек.
2. Олимпиада аяқталғанмен, ұстаз бен оқушының арасындағы достық байланысы үзілмеуі тиіс.
3. Педагог өзінің кәсіби қоржынын емес, оқушының жүрегінде қалатын ізді ойлау керек.
4. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасындағы әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық, бағытының астарына ден қойып, дайындық уақытында тәрбиеге де назар аудару қажет.
5. Педагогтің мектептегі әріптестермен коллаборативті орта қалыптастыра білу қабілеті мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған құрал бола алады.
Жетісу дарыны ұжымына және қатысқан әріптестерге көп рақмет айтқым келеді!