№ | Заңның 5-бабының | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Мәселенің қысқаша сипаттамасы | Қаржыландыру көлемі (мың теңге) | Грант түрі | Нысаналы индикатор | Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар |
| Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау | Инклюзивті қоғамды дамыту | Қазіргі уақытта Қазақстанда тұратын мүгедектігі бар 705 мың адамның - 421,5 мыңы (59,8%) еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 181,9мыңы (25,8%) зейнеткер жасындағы және 101,6 мыңы (14,4%)18 жасқа дейінгі балалар.«Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспардың» деректеріне сәйкес мүгедектік, мүгедектігі бар адамдардыңқұқықтарын қорғау мәселелерінде қоғамға білім берудің төмен деңгейі байқалады.Мүгедектікпен байланысты әлеуметтік стигма мүгедектігі бар адамдарға өз әлеуетін толық ашуға кедергі жасайтын және білім алу, жұмысқа орналастыру сияқты салалардағы нәтижелер мен қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларына қатысу тұрғысынан теңсіздікті күшейтетін негізгі кедергілердің бірі болып қалып отыр. | Әр грант сомасы –5 420мың тгЖалпы сомасы–54200мың тг | 10 қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикатор(әр грант бойынша): жобаны іске асыру шеңберінде тиісті өңірде мүгедектігі бар адамдардың жалпы санынан қоғамға бейімделген мүмкіндігі шектеулі адамдардың кемінде 20%-ы. Күтілетін нәтиже(әр грант бойынша):
| - |
| Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Ауылда азаматтық бастамаларды дамыту | Елді одан әрі дамыту үшін азаматтардың азаматтық бастамаларға қатысуы, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жергілікті қоғамдастықтың белсенді қатысуымен өңірлерді дамыту қажет. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстанда өңірлік ҮЕҰ дамуында елеулі диспропорциялар байқалады. Мысалы, ҮЕҰ-ның тек 13%-ы ғана ауылдық болып табылады, бұл ретте Қазақстандағы ауыл халқыныңүлесі 40,4%-ы құрайды. | Әр грант сомасы –5 420 мың тгЖалпы сомасы –65 040 мың тг | 12 қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикатор(әр грант бойынша): тиісті аумақты басқаруда еңбекке қабілетті жастағы жергілікті қоғамдастық халқының кемінде Күтілетін нәтиже(әр грант бойынша): 1) жергілікті қоғамдастықтың белсенді қатысуымен кемінде 2 нақты проблеманы анықтау және шешу; 2) жергілікті қоғамдастықтың түрлі мәселелерін шешу бойынша кемінде 2 тұрақты бастамашыл топ құру; 3) азаматтардың жергілікті қоғамдастық проблемаларын шешуге қатысуының оң кейстерін (success story) әзірлеу. | - |
| Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Қайырымдылық саласын дамыту және танымал ету | Қазақстандағы қайырымдылық фрагменттік сипатқа ие және көп жағдайда тікелей қайырымдылық түріндегі біржолғы акция ретінде қарастырылады (мысалы, мереке қарсаңында балалар үйлеріне, қарттар үйлеріне, мұқтаж отбасыларға көмек көрсету немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде мұқтаж жандарға көмек көрсету). Алайда, мұндай бір реттік көмек қайырымдылық ұйымдарының тұрақты қызметіне ықпал етпейді, бенефициарлар арасында қолдау алуда теңсіздік туғызады, өйткені қайырымдылық негізінен ірі қалалармен шектеліп, өңірлер мен ауылдық жерлерге жетпейді.Зерттеу нәтижелері қайырымдылықты жеке түсінудің институционалдық түсінікке үстемдігін көрсетеді.Халық үшін әлі күнге дейін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, орта және шағын бизнес, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық бірлестіктерге қарағанда әлеуметтік қолдаудың негізгі жеткізушісі мемлекет болып табылады.Қайырымдылық мәдениеті жеткіліксіз дамыған. | 2023 жыл – 17 204 мың тг2024 жыл – 17 204 мың тг | 1 орта мерзімді грант | Нысаналы индикатор: жыл сайын100-ден кем емес қайырымдылық ұйымдарын тарта отырып, қайырымдылық қызметін жандандыру. Күтілетін нәтиже:
| - |
| Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Қоғамдық кеңестер институтын дамыту | Сарапшылардың пікірінше, қоғамдық кеңестер институты өз пікірлерін білдіру және мәселелерді шешу үшін азаматтық қоғамды шоғырландыру нүктесі болуға арналған. Қазіргі уақытта ел бойынша түрлі деңгейдегі 256 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Заңнамаға сәйкес 2021 жылы қоғамдық кеңестердің 233(91%) құрамы жаңартылды. Осы құрамдағы азаматтық қоғамның өкілдігі орта есеппен 86% құрады. Сонымен қатар, қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндаманың деректеріне сәйкес респонденттердің 43,8%-ы өз қызметінің формальды сипатын атап өтеді, азаматтардың хабардар болу деңгейі небәрі 29%-ы құрады. Респонденттердің 41%-ы қоғамдық кеңестер қызметін жақсартудың тиімді қадамдарының бірі – азаматтардың қоғамдық кеңестердің қызметі туралы хабардар болуын арттыру деп санайды |