
2022- «Балалар жылына» орай 1 маусым- «Халықаралық балаларды қорғау күніне», «МДШО бар 9 орта мектеп» КММ- нің 4-5сынып оқушыларымен Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында мерекені атап өтті.
Бұл күні барлық ата-аналар, ұстаздар кішкентай балақайларға ерекше көңіл бөледі. Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында осы күнге арналған үлкен концерттер ұйымдастырылып, тіпті 9 орта мектеп басышысы Ляйля Айтжанқызы және мектеп әкімшілігі оқушыларына арнайы сыйлықтар дайындап, оқушыларымызға арнайы мектеп әкімшілігі және ұжымы үлкен шытыр қойып, 2 үстел тенисін және де сурет салу ашық аланын ұйымдастырды.
Жалпы 1 маусым- «Халықаралық балаларды қорғау күнін» өткізу тарихын айтакетсек 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданады. Ал Халықаралық балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы атап өткізілген болатын.
Шын мәнінде балалардың әр күні мереке болуы тиіс. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру барлығы кез келген адамның міндетіне кіру керек.
Ендеше барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтаймыз. Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз! Балалар әрқашанда бақытты болсын ағайын!


