
«МДШО бар № орта мектеп» КММ- де жалпы ата-аналармен және мектеп ұстаздарымен мекеме басшысы мен әкімшілік бөлімімен жиналысы өтті.
Күн тәртібінде 2021-2022 оқу жылының аяқталуының қауіпсіздігі және соңғы қоңырау кеші, мектеп бітіру кеші, жазғы мектеп, жазғы алаң, заңсыз ақша жинамау туралы бұйрықпен таныстыру және әртүрлі мәселелер қаралды. Мектеп әкімшілігі ата-аналардан оқушы өмірінің қауіпсіздігін үнемі басты назарда ұстап, қадағалауға шақырды. 4-9,11 сынып ата-аналарына ақша жинау, сынып жетекшіге сыйлық беру, бағалы көліктермен серуен ұйымдастыру сияқты, қаражатқа байланысты барлық мәселелерге тыйым салынып, сыйлықты алушы және сыйлықты беруші жауапкершілікке тартылатыны баса ескертіліп айтылды.
@bilim_jane_gylym
@aimagambetov
@zhetysu_bilim
@goronotald_
@aizhan.adambekova
@rozaserikovna2020


