Осы жиынға біздің «МДШО бар 9 орта мектеп» КММ-нің 8- сынып оқушылары көрермен болды.
Формның ашылу салтанатын өз сөзімен Жетісу облыстық ішкі саясат басқарма басшысы Керімбек Болат Бақбергенұлы бастады:
-«Барлық әкелер өзінің қара шаңырағында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөзді мәңгі ұран етіп, бала санасына сіңіріп тәрбиелеуіміз қажет деп есептеймін. Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз. Тәуелсіз елдің алар асуы көп, шығар шыңы биік болсын. Қастерлі Тәуелсіз елімізді асқақтай берсін. Сіздерді «Рухтың күші әкеде» атты кезекі форумымен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, еңбектеріңізге табыс пен парасаттылық тілеймін!».
Әке – асқар тау. Әр шаңырақта әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке бұл– отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қамқоршы.
«Әкенің ақылы керек екен,
Таптырмас ой-сана береді екен.
Алтыннан жазылған үш әріпке.
Өмірде еш нәрсе теңелмеген», – деген өлең жолдарын арнаймыз.
#goroo_tdk #goronotald #goronotald_ #9mekteptdk #jetisu_jastary