2022- «Бала жылына» орай Талдықорған қаласы «МДШО бар 9 орта мектеп» КММ-де Жасөспірімдер арасындағы жыныстық тәрбиеге қатысты «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Ерте жыныстық қатынас қаупі» тақырыптарында ата-аналар рұқсатымен 9 сыныптар арасында кездесу өткізілді. Шараға Талдықорған қалалық поликлиниканың акушер-гинеколог дәрігері Зейнешова Данель Нишановна және СӨС маманы Закенова Жансая Бекеновна қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты: оқушылар арасында жыныстық тәрбиеге қатысты профилактикалық жұмыстар жүргізу, салауатты өмір салтын ұстануға баулу болып табылады.
Жиналыс ұл балалар мен қыз балаларға жекелей өткізілді.
Шараны ұйымдастырушылар: Биология пәні мұғалімі Г.Байтокова, ДТЖО Ж.Сандыбаева және мектеп инспекторы З.Булдыбаева.

