Алматы облысы Талдықорған қаласы «МДШО бар №9 орта мектеп» КММ 2022 жылдың 18 сәуір күні мектепішілік «Жасыл дағды» жобасы аясында «Ағаш егу- сауапты іс» атты ағаш отырғызу акциясы өтті.Акция мектептің «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Адал ұрпақ» клубы, «Өзін-өзі басқару ұйымы», «Жас полиция көмекшілері» және «Жас құтқарушылар» ұйымдары мүшелерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, акция аясында арнайы қонақтар да шақырылды:
1.Әміре Әрім – «Жетісу» газетінің бас редакторы;
2.Сембаев Жанат Мұрашұлы – Талдықорған гарнизонының баспасөз газетінің бастығы;
3.Ержанов Мейрамбай Қыдырманұлы - Ауған соғысы ардагері
Жалпы іс-шараның мақсаты: оқушылар бойында табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру. Қоршаған ортаға мейірімділікпен қарауға баулу болып табылады.

