Бүгін Алматы облысы білім басқармасы және Алматы облысы ішкі саясат басқармасымен «Өмірлік бағдар» жобасы аясында «МДШО бар 9 орта мектеп» КММ-нің 9-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру негізінде ақпараттық насихат тобымен семинары өтті.
Семинар қонақтары, спикерлері:
Керімбек Болат Бақбергенұлы, Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы.
Джақсыбаева Бақыт Тоқтарқызы, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.
Адамбекова Айжан Мамановна, Алматы облысы білім басқарма басшысының орынбасары.
Абдыкалиева Меруерт Шайласовна, Алматы облысы білім басқарма басшысының орынбасары.
Джакубаева Ужланат Әуелахановна, Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері.
Ерасыл Толымбекұлы, «Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестінің басшысы.
Нұрлыбеков Нұрым Көмекұлы, Алматы облыстық Азаматтық альянс Президенті.
Бүгінгі мектеп оқушыларымен кездесудің басты мақсаты - кәсіптік бағдар беру, яғни қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу. Соған орай білім алу жолдарын түсіндіру. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндігін жасау.
Ал, әрбір отбасындағы ата- аналар өз балаларының болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына, олардың толыққанды мүмкіндіктерінің аясында көру үшін, баласының білім қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескере отырып, кәсіптік бағыт- бағдар беру барысында ата- аналардың ықпалы зор.
Бүгінгі іс- шараға қатысушы қонақтар оқушылар назарына болашақ мамандықты дұрыс таңдау, психологиялық дайындықты қалыптастырудың теориялық және әдістемелік өңдеулерін жүзеге асыру, кәсіби бағдарлану мен кәсіби анықталу, соған байланысты іс-әрекетті саналы өзіндік реттеу мәселелерінде дәстүрлі және диагностикалық зерттеуді қолдану туралы бірқатар ұсыныстар мен ақпараттар берді.


Сонымен қатар Талдықорған қаласының колледждерінің мамандары және студенттер тобынан құрылған еріктілер тобы қазіргі заман талабына сай мамандықты таңдау бойынша бейне роликтер көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылардың кәсіби бағдар бойынша көзқарастарын білу мақсатында сұрақ- жауап әдісі арқылы кері байланыстар алынды.



