
Бүгін МДШО бар №9 орта мектепте тәрбиелік мәні бар, қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Ұлттық дәстүрлер» тақырыбында театрлық қойылым ұйымдастырылды. Мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған іс-шарға 6б сыныбы белсене қатысты. Сынып жетекшісі Раушан Сагындыкованың бастауымен оқушылар және сыныптың ата-анасы Уашева Нұржанат Мұратханқызы "Көрісу амалын" көрермен назарына ұсынды. Ұлттық дәстүрдің ізгі қасиеттерін көрсете отырып ұлтымызға жалын, ұрпағымызға тәлім беріп келе жатқан дәстүрімізді ұмытпай, ары қарай жалғастыру болашақ ұрпақтарымыздың қолында екендігін ұмытпауымыз қажет.