"Менің ағашым" республикалық акциясы
Талдықорған қаласы «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №9 орта мектеп» КММ-сі 2018 жылдың 7 сәуір күні «Менің ағашым» Республикалық акциясын өткізді.
Шараның басты мақсаты - жастардың арасында туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті, табиғатқа жанашырлықты дарыту, экологиялық және эстетикалық тәрбиені насихаттау.
Шараға мектеп оқушылары, ата-аналар, мектеп ұстаздары қатысып өз үлестерін қосты.
Акция аумағында жалпы:
41 түп роза
108 түп жеміс ағашы
86 түп әр түрлі ағаштар отырғызылды.

